Мемлекеттік органдар ақпараттық қауіпсіздіктің жай-күйі туралы есеп берді

Ағымдағы жылдың 12 қыркүйегінде ҚР ҰҚК «Мемлекеттік техникалық қызмет» республикалық мемлекеттік кәсіпорнында Ақпараттық қауіпсіздіктің ұлттық үйлестіру орталығы (АҚҰҮО) Консультациялық үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы болып өтті.

Уәкілетті және орталық атқарушы органдардың өкілдері КҮО бірінші отырысы хаттамалық шешімінің іске асырылуын қорытындылап жинақтады.

Отырыс барысында КҮО мүшелері АҚҰҮО мамандары ағымдағы жылғы II тоқсанда меморгандарда айқындалған ақпараттық қауіпсіздік қатерлері мен инциденттері бойынша жүргізген мониторингтің нәтижелерін қарады.

Сонымен қатар, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы өзара іс-қимылын одан әрі жетілдіру жолдары талқыланды.

Отырыстың қорытындылары бойынша меморгандар үшін осы бағыттағы жұмыстың тиімділігін арттыру және АҚ қатерлеріне бірлесіп әрекет ету механизмдерін қалыптастыру жөнінде нақты ұсыныстар пысықталды.

Анықтама: АҚҰҮО Консультациялық үйлестіру кеңесі 2019 жылғы маусымда құрылды. Қазақстан Республикасының мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарының, ақпараттық жүйелері мен ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының сыртқы және ішкі қатерлерден қорғалуының талап етілетін деңгейін қолдап отыру үшін мемлекеттік органдар мен ұйымдардың кәсіби мамандары санынан қалыптастырылды.