Көшірілген файл қалай сізді барлық ақшаңыздан айыруы мүмкін?

Қауіпсіздік мәселесінің өзектілігі адам пайда болған сәттен басталады.

Тіршілікті қамтамасыз етудің қауіпсіздігі барлық әлем адамдары назар аударатын негізгі сәт.

Ал қазіргі заманның шындығында қауіпсіздік деген не?

Әлбетте, бірінші кезекте, бұл әрқайсымызға нұқсан келтіруі ықтимал физикалық және моральдық зияннан қорғау. Бірақ өмірдің әзірше біздің отандастар тиісті назар аудармайтын тағы бір қыры бар – ақпараттық қауіпсіздік.

Сіздер мен біз өмрімізді спутниктік немесе цифрлық арналарсыз, Интернетсіз, смартфондар мен ноутбуктерсіз енді елестете алмаймыз. Бірақ олардың да үздіксіз жұмыс істеуі үшін қарапайым қауіпсіздік шараларын сақтау қажет.

Мәселен: Сіз орнату үшін сізге файлды көшіріп алу ұсынылған интернет-ресурсты (сайтты) аштыңыз және болды...Компьютердің жұмыс істеуі бәсеңдей бастады. Жарайды, смартфон бар емес пе және сіз онымен жұмыс істеуді жалғастырасыз. Алайда, бірнеше сағаттан кейін Сізге шоттағы барлық қаржы шығарылғаны туралы хабарлама келеді. Бұл қалай ??? – деп ойлайсыз.

Түсіндіреміз.

Сіз компьютерге белгісіз бағдарламаны орнатқан кезде зиянкес Wi-Fi роутерге қолжетімділік алды (оған парольді теріп), содан кейін өзін flash player ретінде көрсеткен зиянды .apk қосымшаны оның есебінен телефонда көшіру қажет болып, сіз оны сәтті орындаған парақшаны алмастыру DNS пайдалана отырып, сіздің телефонды зақымдады. Кім білген?!

Ал одан әрі зиянкес банктен транзакциялар жасау үшін телефонға келетін біржолғы SMS-парольді ұстап қалды.

Зяинкес-бағдарламалардың алаяқтық схемасы шамамен осылай жұмыс істейді. Сондықтан белгісіз қосымшаны өз компьютеріңізге немесе телефонға жаңартуларды орнатудың алдында уақытылы жаңартып отыру қажет лицнзияланған вирусқа қарсы бағдарламаны орнату керек. Дәл сол жаңартулар жаңа зиянкестер туралы ақпаратты қамтиды.Егер сіздің компьютерде вирусқа қарсы бағдарлама болса, ол Сіз көшіргіңіз келетін бағдарлама вирус болып табылатынын ескертеді.

Жалқауланбай, интернет-ресурстарды заңдылығы тұрғысынан тексертіндерге оның осында болу ықтималдығын естеріне саламыз http://www.kz-cert.kz/ru/checking