Қазақстан ресми түрде Өзара прогреске арналған киберқауіпсіздік альянсының (Cybersecurity Alliance for Mutual Progress - CAMP)мүшесі болды

«KZ-CERT» компьютерлік инциденттерге әрекет ету қызметі Оңтүстік Кореяда жұмыс істейтін CAMP (Cybersecurity Alliance for Mutual Progress - Өзара прогреске арналған киберқауіпсіздік альянсының) ресми мүшесі болды.

Қазақстанға бұл мүшелік кибершабуылдарды болдырмау мен оларды қысқарту үшін жедел консультациялық және ақпараттық қолдау алуға,сондай-ақ халықаралық серіктестермен ынтымақтастық тізімін көбейтуге мүмкіндік береді.

Бұдан басқа, CAMP мүше елдерге киберқауіпсіздік мәселелері бойынша қажетті әдістемелік көмек көрсетеді. Альянсты қозғайтын пайдаланушылар мен ұйымдардың саны артып, барынша күрделеніп келетін киберқатерлерге жол бермеуге арналған жаһандық ұйымға айналдыру үшін киберқауіпсіздік мәселелері бойынша біліммен және ақпаратпен алмасуға мүмкіндік береді.

Өзара прогресті дамыту үшін CAMP киберқауіпсіздік саласында тиімді шаралар, тұжырымдамалар мен стандарттарды әзірлеу, киберинфрақұрылымды қорғау жөніндегі жаңа шешімдерді енгізу мақсатында жыл сайын өзінің мәжілістерін өткізеді.

Корея Республикасы, Сеул қаласында 2019 жылғы 30 қыркүйектен бастап
3 қазанға дейінгі аралықта CAMP жыл сайынғы 4-і конференциясы өтеді, Қазақстан оған аталған Альянстың толық құқықты мүшесі ретінде қатысады.

CAMP 45 елдің 58 ұйымы үшін киберкеңістіктегі проблемаларды шешудің желілік платформасы қызметін атқаратынын естеріңізге саламыз. Алдыңғы үш жылда Альянстағы хатшылықты Оңтүстіккореялық интернет және қауіпсіздік агенттігі (KISA) қамтамасыз етті.