«МТҚ» РМК PROFIT Government Day конференциясына қатысты

«Profit Government Day» конференциясы өзінің алаңында цифрландыруды дамыту және қазақстандықтардың өмірінің сапасын жақсарту процесіне немқұрайлы қарамайтын 500 астам IT-мамандарын тағы жинады.

Осы жолы ұйымдастырушылар іс-шараны өткізу форматын өзгертті. Таңдалған театр тақырыбы көпшіліктің көңілінен шығып, конференция үш актіге бөлінді:

1-акт. Театр

- бейнелеп көрсететін айна емес, үлкейтетін әйнек;

2-акт. Театрде режиссер — Құдай, бірақ актерлер,

өкінішке орай, атеистер;

3-акт. Өмір — пьеса тәрізді; оның ұзқтығы емес, сомдалу сапасы маңызды;

Бірінші актінің «Цифрлық мемлекет: жаңа шынайылық, жаңа қорғаушылар» сессиясында «МТҚ» РМК атынан сарапшы ретінде «KZ-CERT» компьютерлік инциденттерге әрекет ету қызметінің бастығы Медет Ысқақов сөз сөйледі.

Сарапшылардың сөз сөйлеуі шеңберінде деректердің жария етілуі, кибершабуылдар, ақпараттық қауіпсіздік бөлігінде адами капиталды дамыту мәселелері қозғалды.

«Әріптестер дұрыс айтқандай, ағымдағы сәтте ақпараттық қауіпсіздіктің барлық мәні мен жария етілуі өз негізімізде орын алады. Яғни біз өзіміз күн сайын тап болатын инциденттердің факторы болып табыламыз. Сәйкесінше, кибергигиена бойынша үлкен жұмыс мемлекеттік қызметшілер арасында ғана емес, халық арасында да жүргізілуде, ол үшін бізге белсенді көмек көрсететін БАҚ-тарға алғысымызды айтамыз. Сондай-ақ Телеграмм топта жұмыс жүргізіледі, менің білуімше, КШТТО осы тобы ағымдағы сәтте ойдағыдай жұмыс істейді. Біздің де тұрғындарды қандай да бір АҚ инциденттері туралы хабардар ететін https://t.me/kzcert тобымыз бар. Сонымен қатар мемлекеттік құрылымдар мен мемлекеттік қызметшілер арасында кибергигиена бойынша жұмыс жүргізілуде», -деп атап көрсетті өз баяндамасында Медет Ысқақов.

Ниеттестердің болуы әрдайым кез келген істі дамытуға жәрдем болады. Сондықтан біз осы тақырыпты көпшілік арасында алға бастыруда көмек көрсетуші Руслан Әбдіқалықовқа, КШТТО және Евгений Питолин тұлғасында «Касперский Зертханасына» алғыс айтқымыз келеді. КШТТО мамандары ақпараттық қауіпсіздік тақырыбын дамытуға көмектескен көптеген мәселелерді қозғаудың себепшісі болғаны ешкімге құпия емес. Мемлекеттік орган тарапынан Руслан Кенжебекұлы осы процестің «қозғалтқышы» болды және «Касперский Зертханасы» өздерінің кейстерімен және шешімдеріменақпараттық қауіпсіздікке, әлбетте, мүмкіндік туғызады. Отақ күш салып біз бір жылдың ішінде Халықаралық кибердайындық рейтингісінің 82 орнынан алдыңғы 40 елдің қатарына кірдік.Бұл біздің бірлескен жұмыстың шынайы көрсеткіші.

Маңызды тақырыптарды көтеріп, аудиториядан кері байланыс алу мүмкіндігі бар осындай алаң құрғаны үшін Бибігүл Джусанғалиева тұлғасында іс-шараны ұйымдастырушыларға алғыс білдіріміз.

Кері байланыс жұмыстың қаншалықты тиімді орындалғанын және кандай бизнес-процестерге назар аудару керектігін түсінуге көмектеседі. Себебі барлық жиналған әріптестердің негізгі мақсаты ақпараттық қауіпсіздік талаптары ескерілген жаңа технологияларды енгізу есебінен біздің елдің әрбір азаматының тұрмыс сапасын жақсарту болып табылады.