Google құпиясөздерді құру бойынша ұсыныстар берді

Cisco және Stormpath сарапшылары қорғаныс механизмдерін жақсартып, қолданушыларға сенімді құпиясөздерді құрудың артығырақ мүмкіншіліктер ұсыну үшін Google-ге жақтық компанияларға қысым көрсетуді ұсынды.

Google компаниясы жақында өзінің клиенттерін тым оңай құпиясөздер туралы ескертті, алайда қауіпсіздік жүйесінің кей сарапшылары мұны жеткіліксіз деп санайды. Оның орнына олар Google жасаушылар мен басқа компанияларды белсендірек ынталандыруын қалайды.

Өз жазбаларында Google клиенттерге әртүрлі қызметтерге әртүрлі құпиясөздерді қолдану қажет және өз құпиясөздеріңізді мүмкіндігінше қиын етіп, еш жағдайда ақпаратыңызға бөгде адамдардың қол жеткізуіне жол бермеңіз. Құпиясөзді ұмытып қалған жағдайда оны қиналтпай қалпына келтіру туралы ұмытпаған жөн.

Дегенмен, Алекс Салазар – Stormpath қызметінің орындаушы директоры – бұл ұсыныстар желіні аралауды бастаған бастаушы қолданушыларға арналған деп санайды. Онымен Cisco өкілі Мэри Ландесмэн де келіседі. Ол қолданушылардың желідегі ақпараттың қорғалу мәселелеріне деген зейінін арттыру қажеттілігімен келіседі. Алайда, оның ойынша, мәселе құпиясөздің сенімділігінде емес, күнде бұзылатын сайттар мен олардың қорғалуында өзектелген.

Сондықтан да, сарапшылар сайт жасаушыларына құпиясөзі бар жұмыс жүйелерін жетілдіруді ұсынады. Мысалы, қолданушыларға әріптер арасында бос орны бар құпиясөздерді қолдануға мүмкіндік беруге болады (бұл ұсынысты Google да ұсынған болатын). Сондықтан, мамандар Google-дың тұтынушыларға қысым көрсетіп, олардың одан да жетілдірілген қорғаныс механизмдерін белсендірек ендіруін ұсынады. Әрине, бұған қосымша қаражат қажет болады, алайда бұл – қолданушылар мәліметтері қорғанысының құны.

Ақпарат көзі:

Anti-malware.ru