CERT.BG мен меморандумға қол қойылды

«Мемлекеттік техникалық қызмет» РМК (KZ-CERT Компьютерлік инциденттерге әрекет ету қызметі) Болгария Республикасының электрондық үкіметтің мемлекеттік Агенттігімен (Болгария Республикасының компьютерлік инциденттерге әрекет ету Ұлттық Қызметі) өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.

Меморандумның негізгі мақсаты:

- АҚ қауіптері туралы ақпарат алмасу;

- АҚ инциденттеріне бірлесіп әрекет ету;

- Зиянды бағдарламаылқ қамтылым таралуы туралы ақпарат алмасу;

-Компрометация индикаторларымен алмасу болып табылады.

Меморандумға қол қою – барлық қазақстандықтардың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі тағы бір қадам.