Интернет желісінің қазақстандық сегментіндегі бірқатар сайттарды DDoS-шабуылдар арқылы бұзуға деген ұмтылыс жиілеп кетті

Кейінгі уақытта Интернет желісінің қазақстандық сегментіндегі бірқатар сайттарды DDoS-шабуылдар арқылы бұзуға деген ұмтылыс жиілеп кетті.

Интернет-ресуртардың қорғалуын күшейту үшін, егер ондай қызмет көрсету қолжетімді болса, интернет-ресурс иелеріне DDoS-дан қорғау қызмет көрсетулерін өз провайдеріңізден сатып алу мүмкіндігін қарастыруды ұсынамыз. Сонымен бірге, паразиттік трафикке ұшыраған барлық интернет-ресурс иелерінен Компьютерлік инциденттерге қарсы әрекет ету қызметіне өтініш білдіруін сұраймыз.