Абайлаңыз, фишинг!

Казкоммерцбанк қызметкерлері Homebank.kz идентификаторы мен паролін енгізуді сұрайтын фишинг-таралымның анықталғаны туралы хабарлайды. Фишинг-хаттың мазмұны келесі суреттегідей болып келеді:

Бұл таралым алаяқтық болып табылады және оған жауап берген жағдайда, Сіз жеке деректеріңіздің беделін түсіресіз.

Осындай хабарламаларды елемеуді өтінеміз, себебі банк Сізден ешқашан өз пароліңіз бен идентификаторыңызды хат арқылы енгізуді сұрамайды. Оларды қауіпсіз енгізуді тек қана https://www.homebank.kz қаржылық порталы арқылы жүзеге асыруға болады.

Егер де аталған хатқа жауап берген болсаңыз, онда қаржылық порталға кіруге арналған парольді Homebank->Настройки->Личные->Сменить пароль сілтемелер тізбегі арқылы өтіп, дереу ауыстырғаныңыз жөн.

Homebank.kz қаржылық порталына кіре алмаған жағдайда Казкоммерцбанктің Call-орталығына хабарласыңыз.

Кез келген күдікті хаттар мен интернеттегі парақшалар туралы 1400 бірыңғай ақпараттық-анықтамалық орталығына немесе info@kz-cert.kz электрондық пошта арқылы хабарлауыңызды сұраймыз.