Абайлаңыз, фишинг!

Қазақстан Халық банкі қызметкерлері клиенттің дербес деректеріне сұрау салатын (ТАӘ, картасының нөмірі, CVV2/CVC2, картаның жарамдылық мерзімі және т.б.) тарату-фишингті айқындады.

Қазақстан Халық банкі қызметкерлері өзінің барлық клиенттерінен осындай түрдегі хабарламаларды назарға алмауды сұрайды, себебі банк мұндай мәліметтерге ешқашан электрондық пошта, әлеуметтік желілер және т.б. арқылы сұрау салмайды.

Аталған тарату алдамшы болып табылады және оған жауап берген кезде жеке деректерді жария етуге болады.

Сіздерден кез келген күдікті хаттар, интернеттегі парақтар туралы 1400 бірыңғай қысқа нөмірге немесе инцидент туралы info@kz-cert.kz электрондық пошта арқылы хабарлауды сұраймыз.

Банк карталарын қауіпсіз пайдалану қағидаларымен мына сілтеме бойынша танысуға болады http://www.halykbank.kz/ru/press-center/news/4899.