Superfish: қандай вирус және одан қалай құтылуға болады

Компьютерлік қауіпсіздік жөніндегі мамандар іс жүзінде кез келген компьютер зияндала алатын Superfish атты осалдықты айқындады. Lenovo компаниясының құрылғыларына ерекше назар аудару қажет. Себебі бұл зиянкес олардың орнату алдындағы бағдарламалық қамтамасыз етуі құрамында қамтылғаны айқындалды.

Superfish - бұл сіздің браузер мен почталық клиенттегі жарнамалық хабарландыруларды көрсетуге арналған арнайы бағдарлама. Алайда, бағдарламаның орын алу фактісі жағымсыз болса да, басты мәселе мұнда емес.

Superfish коды қауіпті осалдықты қамтиды, ол зиянкеске шифрланған трафикті ұстап алуға және сіздің компьютерді бақылауға мүмкіндік береді. Және Lenovo компаниясы 2014 жылғы күзде және қыста сатылған осы бағдарламалық қамтамасыз етуді өз компьютерлеріне орнатқаны туралы ақпарат өте даулы болып көрінеді. Бұдан басқа, Superfish жеке меншік тарату арналары да бар, сондақтан кез келген компьютер зияндау қатеріне тап болады.

Өз машинаңызды мынадай тәсілмен тексеруге және Superfish жоюға болады.

1. Superfish айқындау үшін Internet Explorer немесе Chrome браузерінде арнайы тестілеу парағын ашыңыз. Немесе, қаласаңыз мына LastPass тестін пайдаланыңыз.

2. Егер зиянды бағдарлама айқындалса, оны жоюмен айналысу керек. Бұл үшін Windows «Басқару панелін» ашыңыз, содан кейін «Бағдарламаларды орнату және жою» бөліміне өтіңіз.

3. Superfish Inc VisualDiscovery жолын табыңыз, тінтуірдің оң жақ кнопкасымен басыңыз және «Жою»-ды таңдаңыз.

4. Содан кейін Internet Explorer, Google Chrome, Opera, Safari, Maxthon браузерлерінен тиісті сертификатты алып тастау керек. Бұл үшін іздестру жолына Сertificate сөзді енгізіңіз. Нәтижелерінде «Сертификаттарды басқару» утилитасын таңдаңыз.

5. Сертификаттар менеджерінің терезесі пайда болады. Сол жақ панельде Trusted Root Certification Authorities тармағын таңдаңыз. Бұл ретте оң жақ панелінде оның құрамындағы көрсетіледі. Superfish сөзін қамтитын барлық элементтерді таңдап, оларды аспаптар панеліндегі кнопканың немесе мәнмәтіндік мәзірдің көмегімен жойыңыз.

6. Компьютерді қайта жүктеңіз.

Егер сіз үшін бұл амалдар өте күрделі болып көрінсе, зиянды бағдарламаны өз компьютеріңізден автоматты түрде жою үшін сол Lenovo компаниясының утилитасын пайдалануға болады. Бұл үшін орындалатын файлды бірінші көшіріп алу, содан кейін енгізу талап етіледі. Утилита сіздің жүйеңізді вирустың болуына қатысты талдайды, ал содан кейін оны жою үшін барлық қажет етілетінді орындайды.

Ақпарат көзі:

Lifehacker.ru