Шифрлеуші-трояндардан қалай қорғануға болады – жедел видеожәрдем!

Dr.Web қолданушыларын қолдау сервисі жаңа оқытушы видеомен толықтырылды, бұл видео қолданушының деректерін оқылмайтын файлдарға айналдыратын шифрлеуші-трояндармен күреске арналған. Бірнеше минутта Сіз шифрлеуші-қорқытып алушыдан зардап шекпес үшін қандай шараларды қолдану керектігін біліп, шифрленген файлдарды қалпына келтіру бойынша тәжірибелік кеңестерді ала аласыз.

Trojan.Encoder жиынындағы шифрлеушілер деректерді шифрлеп қана қоймай, оның дешифрленуі үшін айыппұл талап етеді. Бұл қауіп бұрыннан танымал, алайда соңғы жылдары аса зор ауқымды алатын болды. «Энкодерлерден» әр қолданушы зардап шегуі мүмкін – «Доктор Веб» зертханасына дешифрлеу өтінішімен күн сайын 40-тан аса сұранымдар келіп түсуде! Бірақ файлдарды қалпына келтіру кепілдігін беру мүмкін емес, сондықтан шифрлеушінің шабуылын тойтаруға дайын болып, деректердің зақымдану жағдайында не істеу керектігін білу маңызды.

Жаңа видеода шифрлеуші-қорқытып алушыдан зардап шекпеу және өз файлдарыңды жоғалтпас үшін қандау шараларды қолдану керектігі толығымен айтылған. Егер де трояндық Сіздің деректеріңізді әйткенмен де шифрлеген болса, оларды өзіңіз-ақ қалпына келтіре аласыз – видеода шифрленген файлдарды қалпына келтіру бойынша толық нұсқаулықтар берілген.

Видеоны көру