WhatsApp мессенджеріндегі спамды елемеңіз

ESET халықаралық антивирустық компаниясы танымал WhatsApp мессенджеріндегі спамның жаңа толқыны туралы ескертеді.

2015 жылдың сәуір айында WhatsApp мобильдік қосымшасы ай сайынғы 800 млн. белсенді қолданушылар көрсеткішінен асып түсті. Бұл жайтты әлеуметтік желілерде сервис негізін салушы және бас директоры Ян Кум хабарлады. Қазіргі иелердің болжамдары бойынша (2014 жылдың ақпан айында мессенджерді Facebook компаниясы иеленген болатын), 2015 жылдың соңына қарай қолданушылар саны 1 миллиардтан асуы мүмкін.

Соңғы күндері WhatsApp қолданушылары бір-біріне белсенді түрде сервистің ақылы болатындығы туралы хабарламаларды жіберуде. Мессенджерді бұрынғы қалпында қолдану үшін өз адрестік тізімнен он тұлғаға ескертулер жіберу арқылы "белсенді қолданушы" статусын растау қажет. Алғашқы хабарлама авторы ретінде «WhatsApp бас директоры Джим Бальзамик (Jim Balsamic)» нұсқалған.

«Өтінемін, бұл хабарламаны елемей қалмаңыз. Кері жағдайда, сіздің WhatsApp аккаунтыңыз жақындағы 48 сағат ішінде жойылады, - деп айтылған спам-жіберілімде. – Егер де сіз аккаунтты жойылғаннан кейін қалпына келтіргіңіз келсе, бұл қызметтің құны 25 доллар болатындығын ескеріңіз. WhatsApp командасы сізге ынтымақтастық үшін алғыс білдіреді».

Ұқсас спам-жіберілім орыс тілді WhatsApp аудиториясында 2013 жылы тараған болатын. Ондағы белгісіз авторлардың мәлімдеуінше, статусын растамаған қолданушылар әр жаңа хабарлама жібергені үшін 0,01 евро төлейтін болады.

WhatsApp мессенджерін қолданудың шынайы шарттары бағдарламаның ресми сайтында көрсетілген. Қазіргі таңда мессенджерді тегін жүктеп, бір жыл бойы қолдануға болады. Кейін қолхат құны жылына 0,99 долларды құрайтын болады. Соның өзінде бағдарламаны жою не қайта орнату қолхат күшін жойылмайды.

KZ-CERT спамды елемеуге және оны қайта жолдауға уақыт кетірмеуге кеңес береді. Қазіргі WhatsApp туралы жіберілім зиянсыз және тек қана трафиктің шығысына әкеліп соғады, алайда осындай хабарламаларда зиянды сілтемелер де жіберілуі мүмкін.