Windows 10 күзгі жаңартуы кейбір пайдаланушылардың файлдарын жоюда

2018 жылғы 3 қазанда қолжетімді болған Windows 10 жаңартуы (нөмірі 1809) қауіпті болып шықты: кейбір жағдайларда ол құжаттар мен суреттер бар папкалардан файлдарды жояды. Бұл туралы пайдаланушылардың өздері әлеуметтік желілерде жазып, Microsoft техникалық қолдануына шағымдануда.

Windows күзгі апдейті техникалық тұрғыдан сәтті болмағаны айқын. Мәселен, міндеттер диспетчеріндегі ОП пайдалану туралы деректер дұрыс көрсетілмеген багты түзету ұсынылған болатын, бірақ ол бізбен бірге қала берді.

Сондай-ақ Microsoft инженерлері Intel Display Audio драйверлерімен үйлесімділік проблемаларына байланысты кейбір жүйелердегі Windows 10 жаңартуларын бұғаттады. Проблема 10.25.0.3 бастап 10.25.0.8 дейінгі нұсқаларымен intcdaud.sys орнатылған жүйеге қатысты орын алады.

Осы драйвер орнатылған компьютерлрде Windows автоматты түрде жаңартылмайды, ал пайдаланушы ескертуді көретін болады. Мұндай жағдайда Microsoft жаңартулардан бас тартып, драйверлерге қатысты проблема шешілгенге дейін операциялық жүйенің ағымдағы нұсқасын пайдалануды ұсынады.

Skylake алтыншы жаңартылымдағы және одан жаңа процессорлары бар пайдаланушыларға Intel-де Windows соңғы жаңартуларын орнатуды кідірту ұсынылады.


Ақпарат көзі: xakep.ru