YouTube барлық әлем бойынша жұмысын тоқтатты

Қазақстан YouTube пайдаланушылары 2018 жылғы 17 қазанда бейнехостингтің жұмысындағы кідірулерге шағымданды. Сервис ТМД елдерінде, Еуропа, АҚШ және басқа да елдерде қолжетімсіз екені анықталды. Кідіру Астана уақытымен сағат 07:00 шамасында орын алды. Шағымдардың басым бөлігі бейне көру кезіндегі проблемаларға байланысты.