DNS-серверлердің дүниежүзілік жаңартуы

Ақпараттық қауіпсіздік саласындағы әлемдік сарапшылардың ақпараты бойынша 2019 жылғы 1 ақпандажоспарлы «дүниежүзілік жаңарту» кезеңі бастау алатыны хабарлануда. Әлемдегі ең ірі DNS-провайдерлер DNS - Bind, Knot Resolver, PowerDNS және Unbound жұмыс істеуіне жауапты бағдарламалық қамтылымға өзгерістер енгізуді жоспарлап отыр.

Көптеген компаниялар үшін жаңарту әсерсіз өтпек, себебі DNS-провайдерлердің басым бөлігі өзінің бағдарламалық қамтылымын жаңарту үстінде немесе қажетті нұсқаларына дейін жаңартып үлгерген. Меншікті DNS-серверлерін өздігінен қолдап отыратын компаниялар қиындыққа ұшырауы ықтимал, ескірген және жаңартылмаған серверлердің трафигі заңсыз ретінде қаралып, осындай серверлерге қызмет көрсетілмей, нәтижесінде осы серверлерде орналасқан домендердің қолжетімсіз болуы мүмкін.

Домендік аттың 2019 жылғы ақпанда қолжетімді болуынdnsflagday.net интернет-ресурсы арқылы тексеруге болады. Мұнда Сіз БҚ өзектілендіру үшін барлық қажетті нұсқамалар мен осал орындарын іздеу тұрғысынан DNS-инфрақұрылымын сканерлеуге мүмкіндік беретін әкімшілерге арналған түрлі утилиталарға сілтемелер ала аласыз.

Интернет-ресурстардың қолжетімсіз болуына жол бермеу мақсатында
DNS-серверлердің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін бағдарламалық қамтылымды жаңарту ұсынылады.

KZ-CERT компьютерлік инциденттерге әрекет ету қызметі консультациялық қолдау көрсетуге әзір, қажет болған жағдайда 1400 жедел желі телефоны бойынша немесе INCIDENT@KZ-CERT.KZ электрондық поштасы арқылы хабарласуды сұраймыз