KZ-CERT сайтында барлық сайттарды тексеруге болады.

Цифрлық технологиялардың дамуымен біздің өміріміз жеңілдеді. Енді хаттар жазып, оларды поштамен жіберу керек емес, айлықақы алу үшін бухгалерияға кезекте тұру қажет емес, интернеттің өзі де біздің өмірімізді 180 градусқа айналдырды. Алайда, сонымен қатар алаяқтар да «цифрларға» ауысты. Дербес ақпаратты немесе сіздің бюджетіңізді иелену үшін оларға енді сізді жеке білу, сізбен байланыс орнату қажет емес.

Бейтаныс веб-ресурсқа сілтеме бойынша бір рет өту жеткілікті болып, алаяқтар сіздің логин мен парольді оңай иеленеді немесе сіздің банктік шоттан қаржыны шығаруға мүмкіндік беретін зиянды кодты енгізеді.

Біздің сайтымызда Сіз веб-ресурстарды зиянды БҚ және фишингтік сілтемелер тұрғысынан тексере аласыз. Толығырақ:http://www.kz-cert.kz/ru/checking, осында ресурстың мекенжайын енгізіп, «Тексеруді» басу қажет.

Егер бірінші бағанда clean site немесе unrated site мәтінін көрсеңіз, бұл тексерудің оң нәтижесін білдіреді. Сіз басқа мәтін тапқан жағдайда, бұл ресурсқа өтпеу керек, себебі ол сіздің компьютеріңізге немесе әмияніңізге зиян келтіруі ықтимал. Қатерлерді жедел айқындау үшін ол көптеген жағдайларда сары, қызғылт сары немесе қызыл түспен боялғанын атап көрсетеміз.

Осындай инцидент анықталған жағдайда біздің мамандарға 1400 (тәулік бойы) ақысыз нөмірі бойынша хабарлауды немесе өтінім жіберуді сұраймыз: http://www.kz-cert.kz/ru/form