Хакерлер Binance криптовалюталық биржасынан 41 миллион доллар ұрлады

Әлемдегі ең танымал бес криптобиржалардыңқатарындағы Binance криптовалюталық биржасы «маңызды киберинциденттен» зардап шеккенін, оның барысында зиянкестер 7 000-ға жақын биткоин ұрлағанын, бұл $41 миллионға тең екенін жариялады. Компанияның блогындағы хабарламаға сәйкес инцидент

7 мамырда орын алған. Binance өкілдерінің айтуынша, пайдаланушылардың есептік жазбаларына қолжетімділік алу үшін зиянкестер фишинг пен зиянды бағдарламаларды пайдаланған. Атап айтқанда, шабуыл жасаушылар API кілттерін, 2FA кодтары мен басқа да маңызды ақпаратты ұрлауға әрекет жасаған. Нәтижесінде хакерлер қолжетімділік алу мүмкін болған аккаунттардың әмияндарын босатты. Киберқылмыскерлер 7,074 биткоиндер сомасына транзакциялар жүргізді. Өкінішке орай, криптобиржаның басшылығы зиянды кибероперацияны немесе зиянкестердің транзакцияларын тоқтата алмады. Зиянкестердің басып кіргені белгілі болсымен Binance ақша қаражатының салымдары мен алуларды тұрақтандырып, сайтты қызмет көрсету режиміне ауыстырды. Қызметкерлер ішкі тексеру жүргізуде, ол киберқылмыскерлердің осындай сәтті басып кіру себебін түсінуге көмектесуі ықтимал.

Ақпарат көзі: https://www.anti-malware.ru/news/2019-05-08-1447/29601