Homebank.kz-те клон-алаяқ пайда болды

Нұр-Сұлтан қ.

«KZ-CERT» Компьютерлік инциденттерге әрекет ету қызметі «Қазақстан Халық Банкі» АҚ ресми интернет-ресурсына ұқсас фишингтік интернет-ресурсты айқындады.

«KZ-CERT» Қызметіне homebank.kz ресми интернет-ресурсты қайталайтын, homeYbank.com. домен атымен жасырынып, күдікті интернет-ресурс туралы өтініш келіп түсіп.

Мамандар осы интернет-ресурсқа тыңғылықты талдау жүргізді, оның нәтижелері бойынша фишингтік нысандардың болуы тіркелді.

Бұл ресурс homebank.kz-ті дәл көшірді, карта ұстаушыларға авторизациялау үшін мыналарды енгізу қажет болды: сенімді телефон нөмірін| Homebank идентификаторы | my Halyk логині және құпиясөз.

Мобильді нөмір арқылы авторизациялау кезінде, пайдаланушы loading.php парақшасына барғанын байқамай, осыдан кейін зиянкестердің ойы бойынша ұялы нөмірге алынған sms-код енгізу керек болады.

Аталған интернет-ресурс «KZ-CERT» Қызметімен «Интернет желісіндегі алаяқтық интернет-ресурс/фишинг» деп сыныпталды.

Жоғарыда айтылғандарды назарға ала отырып, барлық Қазақстандықтарды домендік атауға (іздеу жолында енгізілетін) назар аударуға шақырамыз және осындай күдікті интернет-ресурс табылған жағдайда, біздің мамандарға 1400 (тәулік бойы) тегін нөмірі бойынша хабарлауды немесе мына: http://www.kz-cert.kz/ru/form сілтеме бойынша өтінім жіберуді, сондай-ақ электрондық мекенжайға: incident@kz-cert.kz хат жіберуді сұраймыз.

«KZ-CERT» Компьютерлік

инциденттерге әрекет ету қызметі

Тел: 8-717-255-99-97

1400(моб.)

E-mail: info@kz-cert.kz

incident@kz-cert.kz