Homebank.kz жаппай сілтемелері қазақстандықтарға қауіп төндіреді

Нұр-Сұлтан қ.

«KZ-CERT» Компьютерлік инциденттерге әрекет ету қызметі homebank.kz ресми интернет-ресурсына ұқсас фишингтік сілтемелерді анықтаудың жиілеп кеткен жағдайлары туралы хабарлайды.

«KZ-CERT» Қызметіне интернет желісіндегі күдікті интернет-ресурстар туралы өтініштер көбірек келіп түседі.

Интернет-ресурстарына жүргізілген толық талдау, мынадай ресурстарда фишингтік нысандарды анықтады:

- homeybank.com;

- homeebank.com;

- hometbank.com;

- housebankkz.com;

- homebankis.com;

- housebankkz.net.

Бұл барлық ресурстарға тән, онда интерфейс homebank.kz-дан көшірілген, карта ұстаушыларына авторландыру үшін мыналарды енгізуі қажет: сенімді телефон нөмірі| Homebank идентификаторы | my Halyk логині және пароль.

Мобильді нөмір арқылы авторизациялау кезінде, пайдаланушы«жалған» парақшасына барғанын байқамай, осыдан кейін зиянкестердің ойы бойынша ұялы нөмірге алынған sms-код енгізуі тиіс болады.

Аталған интернет-ресурс «KZ-CERT» Қызметімен «Интернет желісіндегі алаяқтық интернет-ресурс/фишинг» деп сыныпталды.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін «KZ-CERT» қызметі homebank.kz ресми интернет-ресурсын қайталаған, homeYbank.com фишингтік интернет-ресурсты анықтады, бұл туралы ресми беттерде ақпарат жарияланды.

Жоғарыда айтылғандарды назарға ала отырып, барлық Қазақстандықтарды домендік атауға (іздеу жолында енгізілетін) назар аударуға шақырамыз және осындай күдікті интернет-ресурс табылған жағдайда, біздің мамандарға 1400 (тәулік бойы) тегін нөмірі бойынша хабарлауды немесе мына: http://www.kz-cert.kz/ru/form сілтеме бойынша өтінім жіберуді, сондай-ақ электрондық мекенжайға: incident@kz-cert.kz хат жіберуді сұраймыз.

«KZ-CERT» Компьютерлік инциденттерге әрекет ету қызметі

Тел: 8-717-255-99-97

1400(моб.)

E-mail: info@kz-cert.kz

incident@kz-cert.kz