Instagram-да науқан ба немесе алаяқтық па?

Бұрынырақ жазғанымыздай, алаяқтар әлеуметтік инженерияның құралдарын белсенді пайдалануда.

Осылайша, алаяқтардың сіздің ақшаңызды ұрлаудың негізгі әрі ұнамды тәсілі ұтыс ойындары мен науқандар түріндегі «алдауыш» болып қалады.

Түсінікті себептер бойынша, алаяқтар әйгілі және бәріне таныс брендтерді пайдаланады.

Мысалы, олар Halyk Bank атын өздерінің пайдақорлық мақсатында белсенді пайдаланып, осылайша банк атының беделін түсіруде.

Жеке деректеріңіздің ұрлауына жол бермеу және қаражатыңыздың сақталуы үшін Компьютерлік инциденттерге әрекет ету қызметі Halyk Bank пен бірлесіп, әлеуметтік желілерде алаяқтық ресурстарды анықтау бойынша жұмыстар жүргізді.

Сонымен, Instagram желісінде келесі парақшалар айқындалды:

– halykbank_camry70_kz;
– konkurs_halyk_bank;
– halykbank_prizi;
– halykbank_kvartira;
– halyk_bank_kvartira.

Өкінішке орай, бұл тізім күн сайын артуда. Осы себеппен, біз қазақстандықтарды тағы да қырағылық танытып, өткізіліп жатқан науқанның заңды екендігіне көзі жетпегенше сілтемелер бойынша өтпеуді ескертеміз.

Бұл үшін сізге halykbank.kz ресми сайтындағы жаңалықтар бөлімінде өткізілетін науқандар жайында әрқашан жарияланатын өзекті ақпаратпен танысу жеткілікті. Сондай-ақ, жеке тұлғалар үшін 7111 және заңды тұлғалар үшін 9595 call-center-ге (тәулік бойы) хабарласуға болады.

Тағы да естеріңізге сала кетейік, егер де алаяқтардың құрбаны болған жағдайда немесе интернет-ресурстың ақпараттық қауіпсіздігі күдік тудырса 1400 (тәулік бойы) тегін нөмірі бойынша хабарласыңыз немесе @kzcert телеграмм мессенджері тобына скрин жолдаңыз.