Зиянды бағдарламалық камтамасыз ету деген не? Компьютерді зиянды бағдарламалардан қалай қорғау керек?

Зиянды бағдарламалық камтамасыз ету (malware - malicious software сөздерінен қысқартылған: malicious - зиянды және software - бағдарламалық камтамасыз ету) – жеке компьютерге, серверге немесе компьютерлік желіге зиян келтіру үшін арнайы жасалған кез келген бағдарламалық қамтамасыз етуді белгілеу үшін пайдаланылатын жалпыға бірдей қабылданған термин. Зиянды бағдарламалар бағдарламалық қамтамасыз етудің күрделі санатын білдіреді. Олар Сізден рұқсат сұрамай орнатылады және компьютердің жұмысына әсер етеді.

Тарату тәсілі бойынша келесі зиянды бағдарламалық қамтамасыз етулер ерекшеленеді: эксплоиттар, логикалық бомбалар, троян және тыңшы бағдарламалар, компьютерлік вирустар мен желілік зиянкестер. Зиянды бағдарламалардың ең кең тараған түрлері трояндар, зиянкестер мен вирустар болып табылады. Троян – зиянкестер ақпаратты жинау, оны бұзу немесе түрлендіру, компьютердің жұмыс қабілетін бұзу немесе оның ресурстарын жағымсыз мақсаттарда пайдалану үшін пайдаланылатын зиянды бағдарлама. Компьютерлік вирус —көбею (репликациялану) қабілеті айрықша ерекшеленген компьютерлік бағдарламаның бір түрі. Оған қоса оның атынан зияндалған бағдарлама жіберілген пайдаланушының бақылауындағы мәліметтерді зақымдау немесе толық жою мүмкіндігі бар. Желілік зиянкес - компьютерлік бағдарламаның ұдайы өздігінен қалпына келтірілетін локалдық және жаһандық компьютерлік желілерде таралатын түрі. Компьютерлік вирустарға қарағанда зиянкес дербес бағдарлама болып табылады. Trackware – компьютерде жүргізілетін іс-қимылдарды бақылайтын және тіркейтін зиянды бағдарламаның жаңа вариациясы.

Зиянды бағдарламалар пайдаланушының компьютеріне қалай енеді?

Зиянды бағдарламалар компьютерге көбіне Интернет арқылы немесе электрондық пошта бойынша енеді. Егер Сіз URL-адресте қателік жіберсеңіз немесе кездейсоқ белгісіз сілтемені бассаңыз, «агрессиялық» мазмұндағы немесе зиянды бағдарламалары бар қауіпті сайттарға түсуіңіз мүмкін. Пайдаланушылар файлдарды бір компьютерден тікелей екіншіге жібере алатын P2P (peer-to-peer) желілер компьютерді зиянды және жарнамалық БҚ зақымдауға елеулі қауіп төндіреді.

Зиянды бағдарламалар компьютердің жұмысына қалай әсер етеді?

Жүйенің жұмыс қабілетінің төмендеуі, қалқып шығатын бос аралықтар немесе браузерде сұрау салуларды жағымсыз сайттарға жіберу зиянды бағдарламамен зақымдалудың белгілері болып табылады. Зиянды бағдарламалар жүйенің қалыпты қызмет етуіне әсер етеді, бұл жүйенің қызмет көрсетпей қалуына, деректердің алмастырылуына және өткізу қабілетінің төмендеуіне әкеп соғуы мүмкін. Бұдан басқа, компьютерді өшіру немесе қайта жүктеу мүмкін болмайды.

Компьютерді зиянды бағдарламалардан қалау қорғауға болады?

Зиянды бағдарламалар көбіне басқа файлдармен қоса беріліп таратылады, сондықтан Сізге белгісіз ресурстардан жіберілген электрондық почтадағы хабарламаларды ашпаңыз. Сіздерге таныс емес пайдаланушылардан келген файлдарды ешқашан қабылдамаңыз, сондай-ақ AVI, EXE немесе JPG кеңейтулері бар файлдарды ашқанда абайлаңыздар. Егер Сіз компьютеріңіз зиянды бағдарламамен зақымдалды деп күдіктенсеңіз: Логиндерді, парольдерді және басқа құпия ақпаратты пайдаланумен байланысты қандай болсын қызметті уақытша тоқтатыңыз. Жүйеңізді ықтимал онлайн-қатерлерден қорғау үшін вирусқа қарсы БҚ қолданыңыз. Сенімді әзірлеушілердің вирусқа қарсы және тыңшылыққа қарсы бағдарламаларды орнатыңыз. · Сіздің вирусқа қарсы бағдарламаңыздың жаңартылғанына, компьютерді сканерлеуді жүргізетініне және зиянды ретінде белгіленетін барлық бағдарламаларды жоятынына көз жеткізіңіз. Көбіне, компьютерді тексеруді аяқтау және зиянды бағдарламаларды айқындау туралы дұрыс емес ақпаратты қамтитын қалқымалы хабарламаны асығыста зейінсіз оқуға болады. Мұндай хабарламада зиянды бағдарламаларды тарату үшін кеңінен пайдаланылатын жалған бағдарламалық қаматамасыз етуді жүктеу ұсынылады. · Сіздің компьютерді қорғауды немесе вирустарды жоюды ұсынатын сіз орнатпаған немесе сізге таныс емес бағдарламаның ескертуіне жауап ретінде ешқашан ештеңе жүктемеңіз. Вирустармен зақымдалу мүмкіндігі аса үлкен болады. Бағдарламалық қамтамасыз етуді үнемі жаңартыңыз. Киберқылмыскерлер осалдықтарды бағдарламалық қамтамасыз етуде пайдалану әркеттерін жасауда тапқырлық танытады. Сол себепті: · Барлық сіздің бағдарламалық қамтамасыз етуге – вирусқа қарсы және тыңшылыққа қарсы бағдарламаларға, операциялық жүйелерге, мәтіндерді өңдеу бағдарламалары мен өзге де бағдарламаларға арналған жаңартуларды үнемі орнату; · Қол жетімді болса, бағдарламалық қамтамасыз етуді автоматты түрде жаңарту функцияларын қосу; · Сіз пайдаланбайтын бағдарламалық қамтамасыз етуді жою қажет. Сенімді парольдерді пайдаланып, оларды құпия сақтаңыз. · Сенімді парольдер кем дегенде 14 символдан құрылып, әріптерден, сандар мен символдардан тұратын тіркестерді қамтуға тиіс. · Өз пароліңізді ешкімге ашпаңыз. · Барлық сайттарда бірдей парольді қолданбаңыз. Оны ұрлаған болса, барлық ақпаратқа қауіп-қатер төнеді. · Маршрутизаторға арналған түрлі сенімді парольдер мен сымсыз қосу кілтін үйде құрыңыз. Оны қалай істеуге болатындығын маршрутизаторды ұсынушы компаниядан сұрап біліңіз. Брандмауэрді ешқашан ажыратпаңыз.

Брандмауэр сіздің компьютер мен Интернеттің арасында қорғау қалғанын құрайды. Брандмауэрді бір минутқа болсын ажырату ДК зиянды бағдарламамен зияндау тәуекелін жоғарылатады.

Флеш-жинақтағыштарды пайдаланғанда абай болыңыз.

Компьютерді зиянды БҚ зақымдау мүмкіндігін барынша төмендетіңіз:

· Өз компьютеріңізге белгісіз флеш-жинақтағыштарды (немесе USB-жинақтағыштарды) қоспаңыз.

· Жинақтағышты компьютерге қосқан кезде SHIFT клавишасын басыңыз. Егер сіз оны істеуді ұмытсаңыз, флеш-жинақтағыштың қалқымалы бос терезелерін жабу үшін жоғарғы оң жақ бұрыштағы X басыңыз.

· Жинақтағыштағы белгісіз файлдарды ашпаңыз.

Зиянды БҚ ұсынатын жүктемеге келісім бермеңіз.

· Жіберушіні білсеңіз де – электрондық почтадағы, шұғыл хабарламалардағы немесе әлеуметтік желілердегі жарияланымдардағы файлдарды ашқан немесе сілтемелерді басқан кезде өте ұқыпты болыңыз. Жолдасыңыз жіберген болса, оған телефон шалып ол жібергеніне көз жеткізіңіз; жоқ болса, шұғыл хабарламалармен алмасу қызметінің терзесін жойыңыз немесе жабыңыз.

· Баннер жарнамасындағы, кенеттен қалқып шығатын терезелердегі немесе ескертулердегі, заңды емес деп көрінетін сайттардағы немесе тыңшылық БҚ не вирустарды жою ұсыныстарындағы «Келісемін», «ОК» және « Мен қабылдаймын» деген түймелерді баспағыз.

· Пернетақтада CTRL + F4 басыңыз.

· Егер терезе жабылмаса, браузерді жабу үшін пернетақтада Alt + F4 басыңыз. Қажет болса, барлық қосымша парақтарды жабыңыз және браузерді келесі жолы қосуға арналған қосымша парақтарды сақтамаңыз.

· Бағдарламалық қамтамасыз етуді тек өзіңіз сенетін сайттарда ғана жүктеңіз.

· Тегін бағдарламалық қамтамасыз ету – әсіресе тегін вирусқа қарсы БҚ ұсынылатын электрондық почта хабарламаларындағы сілтемелер бойынша кірмеңіз және веб-сайттардан аулақ болыңыз. Музыканы, ойындарды, видео мен басқаларды «тегін» жүктеулерден сақтаныңыз. Оларды жүктеген кезде зиянды БҚ болуы мүмкін.