Әлеуметтік желілердің пайдаланушыларының аккаунттарын бұзу

Компьютерлік инциденттерге әрекет ету қызметі әлеуметтік желілердің пайдаланушыларының аккаунттарын ақшалай қаражат алу мақсатында бұзулар санының артуы туралы хабарлайды.

Осыған байланысты ақпараттық қауіпсіздіктің негізгі қағидаларын сақтауды ұсынамыз:

  • Өз парақшаңыздың Парольі мен Логинін ешқашан ешкімге көрсетпеңіз;
  • Сіздің парақшаңыздың, сондай-ақ поштаңыздың паролі күрделі болу керек (сандар, кіші және бас әріптер, символдар);
  • Парақша мен пошта телефон нөмірімен байланысты болуы тиіс, ал поштаға күрделі құпия сұрақ құрастыру қажет;
  • Логин мен парольді енгізбей тұрып сайттың мекенжайының әрбір әрпін тексеріңіз;
  • Компьютерге тексерілген вирусқа қарсы бағдарлама орнатып, оны үнемі жаңартып отырыңыз;
  • Сіздің поштаңызға белгісіз адамдардан немесе сайт әкімшілігінен жіберілген сілтемелер бойынша өтпеңіз, өзіңіз пошталық мекенжайды немесе телефон нөмірін өзгерту түрінде қандай да бір қызметке тапсырыс берген жағдайларда ғана сілтемелер бойынша өтіңіз.