Назар аударыңыз! Компьютерлерге жасалған жаппай вирустық шабуыл

KZ-CERT компьютерлік инциденттерге әрекет ету қызметі WannaCry ретінде белгілі зиянды бағдарламалық қамтылымның таралуы туралы ескертеді.

Күштеп алушы - вирус барлық әлем бойынша он мыңдаған компьютерлерге шабуыл жасап, 74 елге нұқсан келтірілді. Шабуыл жасаушының компьютеріне түсіп, ол барлық деректерді қатты дискіде шифрлайды және зиянкестерге өтемақыны биткоинмен жіберуді талап етеді.

Түрлі елдерде 2017 жылғы 12 мамырдан бастап банк жүйелерінің, әлеуетті құрылымдардың, медициналық ұйымдар мен байланыс операторларының деректері шифрланған.

Windows MS операциялық жүйесі вирусқа ұшырағыш болып табылады.

Аталған инцидентке жол бермеу бойынша ұсынымдар:

  • Windows MS17-010 жаңартуын орнату (Microsoft 2017 жылғы 14 наурызда нақты осы осалдыққа (MS17-010) арналған патч шығарды);
  • ескірген SMBv1 хаттамасын ажырату;
  • DRP немесе SMB хаттамасына Интернеттен тікелей қосылуға тыйым салу;
  • қорғалмаған немесе ішкі желіден қолданбайтын желілерді оқшаулау.

Аталған зиянды БҚ-ның басты қауіптерінің біреуі бірінші шабуыл жасалушының компьютеріне вирустың фишингтік e-mail хаттары арқылы түсуі. Одан әрі осалдықтардың бар болуына қатысты сканерлейді және бір ішкі желідегі басқа компьютерлерді де зақымдайды.

1400 –ақысыз жедел желі