Банктік карталармен орындалатын айлакерлік түрлері

Төлем картасымен орындалатын айлакерліктен қалай қауіпсіздендірілуге болады?

Төлем картасымен орындалатын айлакерлікті төмендетудің жалғыз нақты тәсілі – бұл қарапайым қауіпсіздік қағидаларын сақтау. Банктердің қызметкерлері өз клиенттерін өздерінің карталарына ұқыпты болуға шықарады: карталарды үшінші тұлғаларға сеніп бермеуге, оларды байқаусыз қалдырмауға, ПИН­кодты оңай қол жеткізу орындарына, оған қоса картаның өзіне жазбауға. Картаны алғаннан кейін оның сыртқы жағына өз қолтаңбаңыздың үлгісін бірден міндетті түрде қойыңыз. Және ПИН-кодыңызды ешқашан ешкімге жарияламаңыз. Оны не картаны берген банктің жұмыскерлері, не банкоматқа қызмет көрсетуші персонал талап етуге құқылы емес.

Мейрамханаларда немесе дүкендерде ақы төлеген кезде картаны ешқандай жағдайда назардан тыс қалдырмаңыз. Оданда картаны Сіздің көзіңізше импринтер ((ағл. imprinter)- төлем картасымен операция жүргізген кезде слипті ресімдеуге арналған механикалық құрал) арқылы өткізуді сұраңыз. Картаңызбен орындалып жатқан әрекеттерді мұқият қараңыз, күдікті орындарда несие картасымен ақы төлемеңіз және чектердің көшірмелерін міндетті сақтаңыз. Мейрамханада көрсетілген қызметтерге ақы төлеген кезде карта иесінің назарынан тыс болған бірер минут ішінде картаның магниттік жолынан оны ұстаушы мен карта шотындағы қаржы сомасы туралы құпия ақпарат алынған оқиғалар белгілі.

Өз картаңыздың шотындағы ақша қозғалысын тексеріңіз. Карточканы ұстаушының шара қолдануына жол берілетін қатаң түрде белгіленген мерзімдері бар. Карта пайдаланылған шот бойынша операцияларға ерекше назар аударған жөн. Қазіргі сәтте қолданыста төлем картасымен жүргізілген операцияларды нақты уақытта бақылауға болатын интернет-банкинг бар.


Инцидент жағдайында төлем картасының жоғалғаны немесе ұрланғаны туралы банкке дереу хабарлаңыз. Иесі бірнеше аптадан кейін хабарлағанға қарағанда, қылмысты «ізін суытпай» тергеп-тексерген анағұрлым жеңіл болады.

Банкоматтың жанындағы қауіпсіздік техникасы:

  • Біріншіден, адамдар жоқ немесе адамдар өте көп жиналған жерлердегі банкоматтарды пайдаланбауға тырысыңыз. Кісі тұрмайтын жерде ақша алған кезде карточканы ұстаушы тонаудың өте осал нысаны болады. Ал адамдар өте көп жиналған жерде пайдаланушы енгізген ПИН­кодты ешкімнің байқамағанына сенімді болуға болмайды.
  • Екіншіден, бөгде адамдардың енгізіп жатқан ПИН­кодты көруіне жол бермеңіз. Бөгде адамдардан банкоматтың клавиатурасын жабуға ұялмаңыз. Және мүмкіндігінше ПИН­кодты енгізген кезде қателеспеңіз. Өәткені кодты үш рет қате тергеннен кейін банкомат картаны ұстап қалады.
  • Үшіншіден, банкоматтан бәрі алынғанын тексеріңіз. Операция аяқталған соң ұстаушының қолында карточка, ақша және жүргізілген операция туралы үзінді көшірме қалу керек. Егер бірдеңе жетіспесе, ал банкомат ешқандай қосымша ақпарат хабарламаса, бұл жай емес. Ұстаушының айлакерлердің құрбанына айналу тәуекелі орын алатыны әбден мүмкін.
  • Төртіншіден, операциялардың қорытындылары бойынша банкомат беретін үзінді көшірмелерді үнемі сақтаңыз. Бұл шығыстардың есебін жүргізуге және ақшаның шоттың есебінен шығарылуын бақылауға мүмкіндік береді.

Пластикалық карталардан ақшаны қалай ұрлайды?

Сіздің пластикалық картаңыздан ақшаны алу үшін картаңыздың нөмірі мен CVS (картаның сыртқы жағындағы соңғы үш сан) білген жеткілікті болады. Адамдар осы деректерді айлакерлерге өздері хабарлайды. Көбіне айлакерлер өздерінің құрбандарынан карта деректерін алдап білудің бірнеше тәсілін пайдаланады.

Бірінші тәсіл:

Телефонға сіз ноутбук ұтып алдыңыз деген смс келеді және сыйлықты алу үшін кері телефоны бойынша хабарласуды сұрайды, адам осы нөмір бойынша қоңырау шалған кезде ұялы желінің екінші жағында оған ноутбуктың құнын оның несие картасына аударуды ұсынады, және осыны жүзеге асыру үшін оларға картаның нөмірі мен CVS талап етіледі. Құрбан аталған деректерді хабарлайды да осы картадағы барлық ақшасымен хоштасады.

Банк сізге жіберетін барлық смс-те кері телефон болмай, тек қана сәйкестендіргіштің болатынына, яғни телефонда ‘кімнен:' банктің атауы көрсетілетініне назар аударыңыз.

Екінші тәсіл:

Екінші жағдайда телефонға сіздің картаңыздың бұғатталғаны жазылған және кері телефон бойынша хабарласу туралы смс келеді. Құрбанға ең жақын терминалға немесе банкоматқа барып, кассаның нөмірін және бұғаттаудан шығару нөмірін енгізу, бұл ретте өзінің ұялы операторын таңдау ұсынылады.

Құрбан факті бойынша кассаның нөмірін емес, ұялы операторын таңдап, соманы енгізетіні себепті айлакер одан әрі картаны енгізуді сұрайды және өзінің ұялы телефонына ақша төлейді. Телефонға ақша онлайн режимінде аударылатынына және осындай жағдайда айлакер оларды өзінің ұялы телефонынан қандай да бір электрондық әмияндарға бірден аударатынына назар аударуды сұраймын. Әрине, сим-карталар мен электрондық әмияндар үшінші тұлғаның атына тіркелген. Мұндай жағдайларда ақшаны қайтару мүмкін емес.

Айлакерліктің негізгі түрлері бойынша толығырақ ақпарат алу үшін
KZ-CERT компьютерлік инциденттерге әрекет ету қызметіне хабарласуды сұраймыз.

1400 – Қазақстан Республикасының барлық аумағы бойынша ақысыз жедел желісі