Қызметтер

KZ-CERT мынадай қызметтерді көрсетеді:

- компьютерлік инциденттер туралы өтініштерді қабылдау және ақпараттық жүйелер мен Интернет желісін пайдаланушыларға компьютерлік инциденттерді ескертуде, алдын алуда және тексеруде жәрдемдесуді;

- компьютерлік құқық бұзушылықтардың (хакерлік және вирустық шабуылдар) жолын кесу кезінде нұсқау беру және консультативтік көмек беруді;

- Интернет желісін пайдаланушыларға техникалық және басқа да сипаттағы қызметтерді, оның ішінде:

  • пайдаланушыларға компьютерлік жүйелердің хакерлік және вирустық шабуылдарының жолын кесу бойынша жедел көмекте, компьютерлік инциденттерді ескертуде, алдын алуда және тексеруде жәрдемдесу;
  • жергілікті және корпоративтік желілер қауіпсіздігін сараптау, веб-сайттың технологиялық аудитін жүргізу, веб-сайтта пайдаланылатын серверлік құрал-жабдықтың ақпараттық қауіпсіздігінің жай-күйін талдау;
  • ақпараттарды компьютерлік қауіптерден қорғаудың аса тиімді бағдарламалық-аппараттық құралдарын қолдану бойынша ақпараттық қауіпсіздік, қауіпсіздік саясаты, ұсынымдар саласындағы нормативтік құжаттар әзірлеу.

- ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша мемлекеттік, қоғамдық және басқа да ұйымдармен, сондай-ақ компьютерлік қауіпсіздік жөніндегі бағдарламалық-техникалық құралдарды әзірлеушілермен және жеткізушілермен өзара іс-қимыл жасау;

- ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша арнайы курстар мен тренингтер өткізуді ұйымдастыру.

- Қызмет call-орталығы арқылы пайдаланушылармен ақпараттық өзара іс-қимыл жасауды қамтамасыз ету, Қызмет сайтына анықтамалық ақпарат пен пайдалану үшін ұсынылатын компьютерлік жүйелерді қорғаудың бағдарламалық құралдары тізбесін орналастыру.